Текст
18.04.2026
Тазалық – денсаулық кепілі! 🌿 Бүгін бөбекжай ұжымы бөбекжайішілік сенбілікке шықты. Аумақты тазалап, айналаны ретке келтіріп, топ учаскелеріндегі қоқыстарды жинап, балаларымызға таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға өз үлесімізді қостық. Далада жел болса да, қыстан қалған қоқыстарды тазалап, ауламызды ретке келтірдік. Бірлік пен еңбектің арқасында ауламыз кішкене болса да көркейіп, көңіл-күйіміз көтерілді.