18.04.2026
Щучинск қаласындағы №9 мектеп-гимназиясында өткен ашық есік күніне МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Қошақан», «Құлыншақ» мектепалды топ тәрбиешілері және бөбекжай әдіскері қатысты. Іс-шара барысында ұйымдастырылған ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар мектеп пен бөбекжай арасындағы сабақтастықты нығайтуға үлкен мүмкіндік берді. Әсіресе, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру мазмұнының байланысы тәжірибе жүзінде көрсетілді. Педагогтер өзара тәжірибе алмасып, тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті. Мұндай кездесулер білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты арттырып, білім сапасын көтеруге ықпал етеді. Бірлескен жұмыс – болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына берік негіз! @9gymnasiumburabay алдағы бірлескен жұмыстардың нәтижелері зор жетістіктерге жетелейтініне сеніміміз мол.