Текст
21.04.2026
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Балдырған» ортаңғы тобында «Адамдарға көмектесетін мамандықтар» тақырыбында"Дәрігер" сюжеттік-рөлдік ойын ұйымдастырылды. Балаларды дәрігер мамандығымен таныстыру, оның адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Науқас адамға қамқорлық жасауға, мейірімділік танытуға, сыпайы сөйлеп, мәдени қарым-қатынас жасауға үйрету. Ойын барысында балалар дәрігер, мейірбике, науқас рөлдерін сомдап, өзара рөлдерді бөлісіп ойнауға дағдыланады. Сонымен қатар, тазалық сақтау, денсаулықты күту, бір-біріне көмектесу сияқты пайдалы әдеттерді меңгереді. Сюжетті ойын арқылы балалардың қиялы, сөйлеу мәдениеті және әлеуметтік дағдылары дамиды.