Текст
21.04.2026
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Балдырған» ортаңғы тобында «Бірге ойнаймыз» атты ұжымдық жұмыс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балаларды бірлесіп әрекет етуге, достық қарым-қатынас орнатуға, бір-біріне көмектесуге және ұжымда өзара сыйластық танытуға баулу. Тәрбиеленушілер үстел үсті ойындарын топпен ойнап, тапсырмаларды бірге орындады. Ойын барысында балалар өзара ақылдасып, кезек күтуді, ережені сақтауды және жолдастарына қолдау көрсетуді үйренді. Белсенді қатысқан бүлдіршіндердің көңіл күйлері көтеріліп, ұйымшылдық қасиеттері нығая түсті. Осындай ұжымдық жұмыстар арқылы балалардың қарым-қатынас мәдениеті қалыптасып, ойлау қабілеті мен әлеуметтік дағдылары дамиды.