Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Еркетай» ересек тобында «Дәрігердің қабылдауында» атты сюжеттік-рөлдік ойын

21.04.2026

МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Еркетай» ересек тобында «Дәрігердің қабылдауында» атты сюжеттік-рөлдік ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балаларды дәрігер мамандығымен таныстыру, адам денсаулығына қамқорлық жасауға баулу және мәдени қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Ойын барысында тәрбиеленушілер дәрігер, медбике және науқас рөлдерін сомдап, медицина қызметкерлерінің еңбегімен танысты. Балалар бір-біріне қамқорлық көрсету, сыпайы сөйлесу, кезекті күту және өзара сыйластық таныту дағдыларын меңгерді. Сонымен қатар, денсаулықты сақтау, тазалықты ұстану және жеке бас гигиенасын сақтау туралы түсініктері кеңейтілді. Осындай сюжеттік ойындар арқылы балалардың қиялы дамып, сөйлеу мәдениеті мен әлеуметтік дағдылары қалыптасады.

Просмотров: 161


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст