Текст
21.04.2026
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Еркетай» тобында «Бірге ойнаймыз» тақырыбы бойынша тәрбиелік түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – балаларды достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, бірге ойнау мәдениетін қалыптастыру және ойын барысында бір-біріне сыйластық танытуға үйрету. Балаларға бірге ойнау, ойыншыққа таласпау, бір-бірімен бөлісіп ойнау, кезек күту және жолдастарына көмектесу дағдылары түсіндірілді. Іс-әрекет барысында тәрбиеленушілер өздерінің сүйікті ойыншықтарымен ауысып, бірлесе ойнап, ұйымшылдық танытты. Нәтижесінде балалардың достық қарым-қатынасы нығайып, ұжымда ойнау мәдениеті қалыптасты. Осындай жұмыстар арқылы бүлдіршіндердің әлеуметтік дағдылары дамып, өзара түсіністікке тәрбиеленеді.