21.04.2026
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ортаңғы «Балапан» тобында «Бірге ойнаймыз: Мамандықтар» тақырыбында ойын әрекеті ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балаларды әртүрлі мамандықтармен таныстыру, еңбекке құрмет сезімін қалыптастыру және бірлесіп ойнау дағдыларын дамыту.
Іс-әрекет барысында тәрбиеленушілер дәрігер, құрылысшы мамандықтары туралы түсінік алып, олардың қоғамдағы маңызы жөнінде әңгімелесті. Рөлдік ойындар арқылы балалар мамандық иелерінің еңбегін бейнелеп, ойлау қабілеті мен тіл байлығын дамытты. Сонымен қатар, балалар түстерге байланысты қимыл-қозғалыс ойындарын ойнап, белсенділік танытты.
Ойын барысында бүлдіршіндер бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, өзара сыйластыққа, ұйымшылдыққа және еңбекті құрметтеуге үйренді. Осындай ойын әрекеттері балалардың танымдық және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға зор ықпал етеді.