Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

кіші «Күншуақ» тобында «Адамдарға көмектесетін мамандықтар» тақырыбында рөлдік-сюжеттік ойын

21.04.2026

МКҚК «Ақбота» бөбекжайының кіші «Күншуақ» тобында «Адамдарға көмектесетін мамандықтар» тақырыбында рөлдік-сюжеттік ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балаларды түрлі мамандықтармен таныстыру, еңбекті құрметтеуге баулу және бір-біріне көмектесу дағдыларын қалыптастыру. Ойын барысында бүлдіршіндер «Өрт сөндіруші», «Дәрігер», «Аспазшы» мамандық иелерінің еңбегімен танысып, олардың адамдарға тигізер пайдасы туралы түсінік алды. Балалар өзара сыйластық танытып, бір-біріне көмектесу, кезек күту және мәдени қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгерді. Тәрбиеленушілер ойынға қызығушылықпен қатысып, өз рөлдерін ерекше ықыласпен орындады. Осындай ойын әрекеттері арқылы балалардың қиялы дамып, сөйлеу мәдениеті мен әлеуметтік дағдылары қалыптасады.

Просмотров: 1


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст