МКҚК «Ақбота» бөбекжайында «Балалармен өткізген бір күн» тақырыбындағы ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – мектеп пен бөбекжай арасындағы сабақтастықты нығайту, болашақ 1-сынып мұғалімдерін мектепалды топ тәрбиеленушілерінің дайындық деңгейімен таныстыру, балалардың бір күндік оқу-тәрбие үдерісін көрсету арқылы тәжірибе алмасу және бірлескен жұмыстың тиімді жолдарын айқындау. Іс-шараға №7 мектеп-лицейі мен №9 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, бөбекжай мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайтуға бағытталған мазмұнды кездесудің куәсі болды. Ашық есік күні барысында бөбекжайдың мектепалды даярлық топ тәрбиешілері Калмаганбетова А.Б., Уалиева Р.С., Каскырбаева Ж.Ж., Галимжанова Ж.А. өз тәжірибелерімен бөлісіп, бүлдіршіндердің жыл бойы игерген білімдері мен қалыптасқан дағдыларын көрсетті. Балалар оқу әрекеттеріне белсенді қатысып, сауат ашу, математика, логика, тіл дамыту бағыттары бойынша жақсы дайындық деңгейін танытты. Мектепалды балалары «Бестемше» үйірмесінің жұмысында көрсете білді. Қонақ ретінде келген мұғалімдер келесі оқу жылында 1-сыныпқа қабылданатын балалардың білім деңгейімен танысып, олардың мектепке дайындығына оң бағаларын берді. Осындай тағылымды кездесулер мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы өзара байланысты күшейтіп, бала болашағына бағытталған бірлескен жұмыстың маңызын айқындай түседі