Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бөбекжай әдіскері Бекенова М.Д. жетекшілігімен «Баланың ойын әрекетіндегі жан-жақты дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

25.04.2026

МКҚК «Ақбота» бөбекжайында №7 мектеп-лицейі мен №9 мектеп-гимназиясының 2026–2027 оқу жылында 1-сыныпты қабылдайтын педагогтарына арналған мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп пен бөбекжай арасындағы сабақтастықты нығайту, болашақ оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған бірлескен жұмыстың тиімді жолдарын айқындау. Бөбекжай  әдіскері Бекенова М.Д. жетекшілігімен «Баланың ойын әрекетіндегі жан-жақты дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосуда ойын әрекеті арқылы баланың танымдық, тілдік, әлеуметтік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері талқыланып, мектепке даярлау кезеңіндегі маңызды бағыттар сараланды. Кездесу аясында музыка залында психолог-педагог Мукажанова А.А. ұйымдастыруымен тренинг өткізіліп, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, ынтымақтастықты арттыруға бағытталған тапсырмалар орындады. Тренинг барысында бала тәрбиесіндегі педагог пен ата-ананың, мектеп пен бөбекжайдың ортақ жауапкершілігі жайлы маңызды ойлар қозғалды. Осындай тағылымды кездесулер мектеп пен бөбекжай арасындағы өзара байланысты күшейтіп, бала болашағына бағытталған сабақтастық жұмысының маңызын арттыра түседі.

Просмотров: 153


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст