25.04.2026
МКҚК «Ақбота» бөбекжайында төтенше жағдайлар кезінде қызметкерлер мен тәрбиеленушілердің қауіпсіздік шараларына дайындығын арттыру мақсатында Бурабай ауданы ТЖБ 6-МӨСБ қызметкерлерінің қатысуымен өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – өрт кезіндегі іс-қимыл алгоритмін меңгерту, эвакуациялау тәртібін түсіндіру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Оқу-жаттығуға 6-МӨСБ бастығының орынбасары, Азаматтық қорғау капитаны Суюндыков Абай Асқарбекұлы мен 6-МӨСБ бастығының орынбасары, Азаматтық қорғау капитаны Капанов Мерей Сабырұлы қатысты. Мамандар бөбекжай ұжымына және қатысушыларға өрт кезінде ғимараттан қауіпсіз шығу жолдарын, алғашқы әрекеттерді, эвакуациялау тәртібін және сақтық шараларын қадам-қадамымен жан-жақты түсіндірді. Әсіресе, Капанов Мерей Сабырұлы оқу-жаттығу барысында барынша ыждағаттылық танытып, әрбір әрекетті нақты, әрі түсінікті жеткізді. Қызметкерлерге күнделікті жұмыста аса мән беріле бермейтін, бірақ төтенше жағдайда маңызды болатын көптеген мәліметтер мен дағдыларды үйретті. Оқу-жаттығу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бөбекжай ұжымы үшін өте пайдалы әрі тағылымды болды. Осындай маңызды жұмыстар арқылы қызметкерлердің қауіпсіздікке деген жауапкершілігі артып, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекетке сенімділігі нығая түсті. МКҚК «Ақбота» бөбекжайы ұжымы Бурабай ауданы ТЖБ 6-МӨСБ ұжым басшыларына, атап айтқандаТЖБ 6-МӨСБ өрт сөндіру қызметкерлері Суюндыков Абай Асқарбекұлы мен Капанов Мерей Сабырұлына кәсіби шеберлігі, түсіндіру жұмыстары және көрсеткен қолдауы үшін шынайы алғысын білдіреді. @qutqarushy_112