28.04.2026
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының консультациялық пунктіне Сәден М.Қ. келіп, психолог маманның және хатшының қабылдауында болды.Кездесу барысында хатшымен баланы бөбекжай кезегіне қою мәселесі бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, құжаттарды рәсімдеу тәртібі, қажетті мәліметтер мен кезекке тіркелу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, психолог маман ата-анамен әңгімелесу жүргізіп, баланың бөбекжайға бейімделуі, жаңа ортаға үйренуі, қарым-қатынас дағдыларын дамыту және эмоционалдық жай-күйін қалыптастыру бағытында психологиялық кеңестер ұсынды. Ата-анаға баламен үй жағдайында жүргізілетін дайындық жұмыстары жөнінде пайдалы ұсыныстар берілді. Консультациялық пункт жұмысының мақсаты – ата-аналарға кәсіби қолдау көрсетіп, бала тәрбиесі мен дамыту мәселелері бойынша сапалы кеңес беру. Осындай кездесулер ата-аналарға өзекті сұрақтарына жауап алып, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді