Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ортаңғы "Балапан", "Ботақан", "Балдырған" топтарында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік фестиваль өтті.

30.04.2026

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ортаңғы "Балапан", "Ботақан", "Балдырған" топтарында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік фестиваль өтті.  Бұл мереке – еліміздегі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің достығы, татулығы мен өзара сыйластығын айқындайтын маңызды күн. Қазақстан – көпұлтты мемлекет, сондықтан бұл мереке халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған. 🎉 Іс-шара барысында балалар әртүрлі халықтардың мәдениетімен танысып, ұлттық әндер айтып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ұйымдастырылған концерттік бағдарламалар мен мәдени көріністер арқылы әр халықтың ұлттық дәстүрлері насихатталып, ынтымақ пен бірліктің, ортақ Отанға деген сүйіспеншіліктің символы көрсетілді. 💫 Бірлік бар жерде – тірлік бар!

Просмотров: 102


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст