30.04.2026
🧸 МКҚК «Ақбота» бөбекжайында балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа және тәртіпке баулу мақсатында «Әр ойыншықтың өз орны бар» тақырыбында тәрбиеші Амирбаева Айкерім Даулетовнаның ұйымдастыруымен "Нұрсәуле" ересек тобында іс-әрекет өткізілді.🎯 Іс-шараның мақсаты – әр ойыншықтың өз орны болатынын түсіндіру арқылы балалардың жауапкершілік сезімін қалыптастыру және ұжымда тәртіп сақтауға үйрету.🎲 Ойын барысында балалар ойыншықтарды дұрыс пайдаланып, ойнап болған соң оларды өз орындарына жинауды үйренді. Бұл дағды балалардың күнделікті өмірінде ұқыптылық пен тәртіпті сақтауға көмектеседі.✨ Тазалық пен ұқыптылық – мәдениетті адамның айқын белгісі. Сондықтан бүлдіршіндерді кішкентайынан бастап ойыншықтарын жинауға, айналаны таза ұстауға тәрбиелеу – маңызды міндеттердің бірі.