01.05.2026
✨ 1 мамыр – Бірлік мерекесі. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ұжымы «Бөбек», «Күншуақ» бөбекжайларының ұжымдарымен бірлесіп, қалалық орталық алаңда мерекелік іс-шараға белсене қатысты. 🌻 Шара барысында ұжым украин ұлтының мәдениетімен таныстырып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Ұлттық нақыштағы әсем киім киген қыздар көрермен назарын аударып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. 🥟 Сонымен қатар украин халқының ұлттық тағамдары ұсынылып, қонақтар сол елдің мәдениеті мен дәстүрінен сыр шертетін дәмдермен танысты.🏅 Аталған мерекелік іс-шараға белсенді қатысып, ел бірлігін, достық пен татулықты насихаттауға қосқан үлесі үшін МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ұжымы Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан марапатталды.💫 Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан еліміздің бірлігі – біздің ең үлкен байлығымыз!