Текст
01.05.2026
МКҚК «Ақбота» бөбекжайында кіші топ "Күншуақ" және санаторлық "Балбөбек" топтар арасында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты шығармашылық фестиваль ұйымдастырылды.🌿 Іс-шараның мақсаты – балаларға достық, татулық және бірлік ұғымдарының маңызын түсіндіру, көпұлтты халқымыздың ынтымақтастығын дәріптеу болды.🎶 Фестиваль барысында балалар ән айтып, ойындар ойнап, түрлі шығармашылық жұмыстарға белсене қатысты.🤝 Ұйымдастырылған іс-шаралар арқылы балалардың бір-біріне деген сыйластығы, ұйымшылдығы және ортақ іске деген жауапкершілігі қалыптасты.💫 Бұл мереке бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірлік пен татулықтың құндылығын сезінуге мүмкіндік берді.