Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

кіші «Күншуақ» тобында «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында тәрбиелік сағат ұйымдастырылды

08.05.2026

✨ «Ер есімі – ел есінде» атты тәрбиелік сағат өтті ✨МКҚК «Ақбота» бөбекжайының кіші «Күншуақ» тобында «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында тәрбиелік сағат ұйымдастырылды.🌟 Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына ерлік, батылдық, отансүйгіштік, елге деген адалдық сияқты асыл қасиеттерді сіңіру болды.🎖️ Тәрбие сағаты барысында балаларға Отан үшін ерлік көрсеткен батырлар мен ел қорғаған қаһармандар туралы мағлұмат беріліп, олардың ерлігі үлгі етілді. Сонымен қатар бүлдіршіндерге Отанды сүю, бейбітшілікті қадірлеу, үлкендерді құрметтеу туралы түсініктер кеңінен насихатталды.👏 Балалар тақырыпқа қызығушылық танытып, белсенді қатысып, патриоттық рухтағы әңгімелер мен тапсырмалар арқылы өз ойларын білдірді.💫 Осындай тәрбиелік іс-шаралар арқылы бүлдіршіндердің патриоттық сезімі дамып, тарихи сана-сезімі қалыптасады. Елін сүйетін, туған жерін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу – басты міндеттердің бірі.

#Ақботабөбекжайы
#Күншуақтобы
#ЕрЕсіміЕлЕсінде
#ПатриоттықТәрбие
#Отансүйгіштік 

Просмотров: 614


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст