08.05.2026
✨ «Құлыншақ» тобында мерекелік іс-шара өтті ✨ МКҚК «Ақбота» бөбекжайының мектепалды «Құлыншақ» тобының тәрбиеленушілерімен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 🌟 Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезім қалыптастыру, батырлар ерлігін дәріптеу және балаларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу болды. 🎖️ Мереке құттықтау сөзбен басталып, бүлдіршіндер патриоттық әндер орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Ұл балалар «Сарбаздар» биін билеп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. 🎶 Сонымен қатар «Ел қорғауға әзірміз» әнімен жалғасқан іс-шара барысында балалар түрлі ойындар мен жарыстарға қатысып, өздерінің шапшаң, епті әрі белсенді екендіктерін көрсетті. 👏 Тәрбиеленушілер мерекеге белсене қатысып, Отанды сүю, елді қорғау, батырлық пен ерлік туралы түсініктерін кеңейтті.💫 Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы балалардың патриоттық рухы қалыптасып, туған жерге деген сүйіспеншілігі арта түседі.
#Ақботабөбекжайы
#Құлыншақтобы
#7Мамыр
#9Мамыр
#ЖеңісКүні
#ОтанҚорғаушыларКүні