08.05.2026
✨ «Жеңіс сарбаздары» атты мерекелік іс-шара өтті ✨ "Еркетай" ересек тобында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Жеңіс сарбаздары» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 🌟 Іс-шараның мақсаты – балалардың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рух қалыптастыру, батылдыққа, ерлікке тәрбиелеу және мерекелердің маңызын түсіндіру болды. 🎖️ Мереке барысында бүлдіршіндер патриоттық өлеңдер оқып, әсерлі әндер орындап, «Сарбаздар» биін биледі. Сонымен қатар балалар мерекелік ойындарға қатысып, өздерінің белсенділіктері мен ұйымшылдықтарын көрсетті. 👏 Іс-шара барысында балалар батырлар ерлігі туралы түсініктерін кеңейтіп, бейбіт өмірдің қадірін ұғына білді. 💫 Мерекелік кеш көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, балаларға ерекше әсер сыйлады. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың елін, жерін сүйетін азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
#ЖеңісСарбаздары
#7Мамыр
#9Мамыр
#ОтанҚорғаушыларКүні
#ЖеңісКүні
#ПатриоттықТәрбие