Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

мектепалды «Қошақан» тобында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Жеңіс сарбаздары» атты патриоттық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

08.05.2026

✨ «Жеңіс сарбаздары» атты патриоттық мерекелік іс-шара өтті ✨ МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Қошақан» тобында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Жеңіс сарбаздары» атты патриоттық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 🌟 Іс-шараның мақсаты – балалардың бойына отансүйгіштік рух қалыптастыру, Отанды қорғаудың маңызын түсіндіру және батырлар ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу болды. 🎖️ Мереке барысында бүлдіршіндерге Отан қорғаушылар мен ел үшін ерлік көрсеткен батырлар туралы мағлұмат беріліп, олардың ерлігі үлгі етілді. Батырларды еске алып, бір минут үнсіздік жарияланды. 🎶 Балалар патриоттық тақпақтар айтып, ән шырқап, әсем билер биледі. Сонымен қатар «Жаралыға көмек», «Туды тік», «Мәңгілік от» атты қызықты ойындар ойнатылып, балалар белсенділік танытты. 👏 Іс-шара барысында тәрбиеленушілер ұйымшылдықтарын, шапшаңдықтарын көрсетіп, мерекелік көңіл-күйге бөленді. 💫 Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы балалардың елге деген сүйіспеншілігі артып, патриоттық сезімі қалыптасады.

#Ақботабөбекжайы
#Қошақантобы
#ЖеңісСарбаздары
#7Мамыр
#9Мамыр
#ПатриоттықТәрбие 

Просмотров: 431


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст