Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ботақан» тобында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды

08.05.2026

✨ ✨МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Ботақан» тобында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды.🌟 Іс-шараның мақсаты – бүлдіршіндердің бойына патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елін және жерін құрметтеуге баулу болды.🎖️ Мереке барысында балалар патриоттық әндер айтып, әсем билер билеп, тақпақтарын мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті. Тәрбиеленушілер мерекеге белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.👏 Ертеңгілік барысында балаларға батырлар ерлігі, бейбіт өмірдің маңызы және Отанды қорғаудың қасиетті борыш екені туралы түсініктер берілді.💫 Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың патриоттық рухы қалыптасып, елге деген сүйіспеншілігі арта түседі. Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

#Ақботабөбекжайы
#Ботақантобы
#7Мамыр
#9Мамыр
#ОтанҚорғаушыларКүні
#ЖеңісКүні

Просмотров: 433


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст