08.05.2026
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ересек «Нұрсәуле» тобында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Жеңіс сарбаздары» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді. 🌟 Іс-шараның мақсаты – балаларға Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні туралы түсінік беру, Отанды сүюге, елін қорғауға, батылдыққа, ерлікке және патриоттық рухқа тәрбиелеу, сондай-ақ ардагерлерге құрмет көрсету болды. 🎖️ Мерекелік ертеңгілік барысында тәрбиеленушілер патриоттық тақырыптағы тақпақтарын мәнерлеп айтып, әндер орындады. Сонымен қатар балалар «Сарбаздар» және «Көк орамал» билерін билеп, өз өнерлерін көрсетті. 🏃♂️ «Шекарашылар мен шапшаң хатшылар» атты спорттық ойын ұйымдастырылып, бүлдіршіндер ойын барысында өздерінің ептіліктері мен жылдамдықтарын танытты. 👏 Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиеленушілер белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күйде қатысты. Мерекелік кеш балаларға ерекше әсер сыйлап, олардың елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыра түсті.💫 Қорытындысында бейбіт өмірдің қадірі, еліміздің амандығы мен тыныштығы туралы айтылып, батырлар ерлігіне құрмет көрсетілді.
#Ақботабөбекжайы
#Нұрсәулетобы
#ЖеңісСарбаздары
#7Мамыр
#9Мамыр
#ПатриоттықТәрбие