Текст
04.06.2026
Ұлттық құндылық – ұлттың қазынасы!
Бүгін кіші «Күншуақ» тобының тәрбиеленушілерімен қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының маңызын түсіндіруге бағытталған танымдық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында бүлдіршіндер халқымыздың дәстүрлі рәсімдерімен танысып, олардың тәрбиелік мәні мен мағынасы туралы мағлұмат алды. Танымдық әңгіме, көрнекі материалдар және сұрақ-жауап әдістері арқылы балалардың қызығушылығы артып, белсенділіктері жоғары болды. Осындай тағылымды шаралар арқылы бүлдіршіндердің ұлттық құндылықтарға деген құрметі қалыптасып, рухани-адамгершілік тәрбиесі нығая түседі.
🌿 «Тәрбие – тал бесіктен басталады!» #КүншуақТобы #ҰлттықҚұндылықтар #ТәрбиеСағаты #Балабақша #РуханиТәрбие #СалтДәстүр #БүлдіршіндерӘлемі