Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы!

04.06.2026

Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы!

МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Балапан» тобында «Менің Қазақстанымның рәміздері» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мағлұмат алып, олардың мәні мен маңызын танып білді. Балаларға Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және қастерлеу сезімдерін қалыптастыру мақсатында түрлі танымдық жұмыстар ұйымдастырылды. Осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар арқылы бүлдіршіндердің туған еліне деген мақтаныш сезімі артып, елжандылыққа тәрбиеленеді.

🌷 «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің қасиетті белгілері!»

#АқботаБөбекжайы #БалапанТобы #МеніңҚазақстанымныңРәміздері #РәміздерКүні #ПатриоттықТәрбие #Балабақша #ҚазақстанРеспубликасы

Просмотров: 22


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст