Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!

04.06.2026

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!

МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Құлыншақ» мектепалды тобының тәрбиеленушілері Рәміздер күніне арналған тәрбие сағатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан бастады. Іс-шара барысында балаларға Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның мәні мен маңызы туралы түсінік беріліп, олардың Тәуелсіз еліміздің басты нышандары екендігі айтылды. Сондай-ақ тәрбиеленушілер Мемлекеттік Әнұранның авторларымен танысып, олардың суреттерін тамашалады. Тәрбие сағаты барысында балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастыру мақсатында танымдық әңгімелер жүргізіліп, қызықты сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды. Іс-шара соңында бүлдіршіндер шығармашылық тапсырмалар орындап, өз белсенділіктерін көрсетті. Осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақтың бойында елжандылық сезімін қалыптастырып, туған жерге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыра түседі.

🌷 «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің қасиетті нышандары!»

#АқботаБөбекжайы #ҚұлыншақТобы #РәміздерКүні #4Маусым #МемлекеттікРәміздер #ПатриоттықТәрбие #МектепалдыТобы #Балабақша #Қазақстан

Просмотров: 199


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст