Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы!

04.06.2026

Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы!

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында МКҚК «Ақбота» бөбекжайының мектепалды «Қошақан» тобында «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранымен таныстырып, олардың маңызын түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілік пен мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру. Тәрбие сағаты барысында балалар слайд арқылы еліміздің рәміздерімен танысып, олардың ерекшеліктері туралы мағлұмат алды. Сондай-ақ танымдық ойындар ойнатылып, салыстыру тапсырмалары орындалды. Бүлдіршіндер рәміздер бейнеленген боямақтарды бояп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Осындай тағылымы мол іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында елжандылық қасиеттері қалыптасып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметі арта түседі.

 «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің айғағы, елдігіміздің белгісі!»

#АқботаБөбекжайы #ҚошақанТобы #РәміздерКүні #МемлекеттікРәміздерҰлтМақтанышы #ПатриоттықТәрбие #Балабақша #Қазақстан

Просмотров: 196


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст