Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!

04.06.2026

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!

МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Нұрсәуле» ересек тобында Рәміздер күніне арналған тақырыптық сағат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мағлұмат алып, олардың маңызы мен мәні туралы түсініктерін кеңейтті. Балалар мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Отанын сүюге және елжандылыққа тәрбиеленді. Тақырыптық сағат барысында танымдық әңгімелер жүргізіліп, көрнекі материалдар көрсетілді, сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылып, бүлдіршіндер өз білімдерін ортаға салды. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы балалардың бойында патриоттық сезім қалыптасып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметі арта түседі.                                                          «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің айғағы, елдігіміздің белгісі!»

#АқботаБөбекжайы #НұрсәулеТобы #РәміздерКүні 

Просмотров: 196


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст