Текст
05.06.2026
Рәміздер күніне арналған тәрбие сағаты барысында бүлдіршіндеріміз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы білімдерін толықтырып, олардың маңызын тереңірек түсінді.Танымдық әңгімелер мен қызықты тапсырмалар арқылы балалар мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Отанын сүюге, елін мақтан тұтуға тәрбиеленді. Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру – әрбір тәрбие жұмысының маңызды бағыты. Бүгінгі тәрбие сағаты бүлдіршіндердің туған еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін нығайтуға ықпал етті. «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз, елдігіміздің мәңгілік нышаны!»
#РәміздерКүні #4Маусым #МемлекеттікРәміздер #ПатриоттықТәрбие #Балабақша #Қазақстан #ОтанымҚазақстан