Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің тұмары, елдігіміздің айғағы!»

05.06.2026

 

МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Еркетай» тобында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған тақырыптық сағат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында бүлдіршіндер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мағлұмат алып, олардың маңызы мен мәнін таныды. Балалар патриоттық әндер тыңдап, танымдық ойындар арқылы өз білімдерін толықтырып, белсенділік танытты. Тақырыптық сағаттың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар арқылы бүлдіршіндердің бойында елжандылық қасиеттері қалыптасып, туған еліне деген сүйіспеншілігі арта түседі. «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің тұмары, елдігіміздің айғағы!»

#АқботаБөбекжайы #ЕркетайТобы #РәміздерКүні #4Маусым #МемлекеттікРәміздер #ПатриоттықТәрбие #ОтанымҚазақстан

Просмотров: 189


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст