05.06.2026
🎓 «Балалық шақтан – болашаққа» 🎓
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының мектепалды «Құлыншақ» тобында «Балалық шақтан – болашаққа» атты бөбекжаймен қоштасу мерекесі өтті. Бұл мереке – бүлдіршіндердің балабақшадағы балдәурен шақтарымен қоштасып, мектеп табалдырығын аттауға жасаған алғашқы қадамдарының жарқын көрінісі болды. Тәрбиеленушілер бөбекжайдан тәлім-тәрбие алып, білімге бастар жолға қанат қақты. Мереке барысында балалар әсем ән шырқап, мың бұрала би билеп, сәбилік жүректен шыққан әсерлі өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды. Бүлдіршіндердің өнері ата-аналар мен қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлап, мерекенің сәнін келтірді. Бөбекжайдағы қызықты күндер мен жарқын естеліктер жүректерінде сақталып, алда оларды жаңа белес – мектеп өмірі күтіп тұр. Бүгінгі кішкентай бүлдіршіндер – ертеңгі ел болашағы. Ақ жол, жас түлектер!
✨ «Балалық шақтан – болашаққа нық қадам!»
#АқботаБөбекжайы #ҚұлыншақТобы #БалалықШақтанБолашаққа #БөбекжайменҚоштасу #МектепалдыТобы #ЖасТүлектер #Балабақша #ҚошБолБалабақша 🎓💐📚