05.06.2026
🎓 «Балалық шақтан – болашаққа» 🎓
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының мектепалды «Қошақан» тобында «Балалық шақтан – болашаққа» атты бөбекжаймен қоштасу кеші жоғары деңгейде өтті. Мерекелік кеш барысында бүлдіршіндер «Тәрбиеші апайлар», «Қош бол, балабақша!» әндерін шырқап, өнерлерін паш етті. Сонымен қатар, «Испан», «Зонтик», «Флеш-моб» және «Қоштасу вальсі» билерін билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кештің көркін тәрбиеленушілердің жеке орындаулары аша түсті. Әмірхан Айкөркем «Былдыр-былдыр» әнін, ал Бауыржан Мөлдір «Ұстазыма» әнін әсерлі орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ, бөбекжай өміріне белсене атсалысып, балалардың тәрбиесі мен дамуына қолдау көрсетіп, тығыз байланыс орнатқан ата-аналарға алғыс білдіріліп, марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. ✨ Бұл мереке – бүлдіршіндердің балабақшадағы балдәурен шақпен қоштасып, үлкен өмірге, білім әлеміне жасаған алғашқы қадамдарының жарқын көрінісі болды.
🌷 Ақ жол, жас түлектер! Мектеп өмірінде биік белестерді бағындырып, армандарыңыз орындала берсін!
✨ «Балалық шақтан – болашаққа нық қадам!»
#АқботаБөбекжайы #ҚошақанТобы #БалалықШақтанБолашаққа #ҚошБолБалабақша #МектепалдыТобы #ЖасТүлектер #БалабақшаТүлектері #АқЖолЖасТүлектер 🎓💐📚