Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қауіпсіз жаз» апталығы аясында ересек «Көбелек» тобында тәрбиеші Уалиева Ризагуль Сағындыққызының жетекшілігімен «Улы өсімдіктер мен саңырауқұлақтар» тақырыбында танымдық әңгіме

24.06.2026

«Қауіпсіз жаз» апталығы аясында ересек «Көбелек» тобында тәрбиеші Уалиева Ризагуль Сағындыққызының жетекшілігімен «Улы өсімдіктер мен саңырауқұлақтар» тақырыбында танымдық әңгіме өткізілді.
Танымдық әңгіменің мақсаты – балаларға табиғаттағы қауіпті өсімдіктер мен саңырауқұлақтар туралы қарапайым түсінік беру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға баулу.
Әңгіме барысында тәрбиеленушілер улы өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың түрлерімен танысып, олардан сақтану жолдары туралы мағлұмат алды. Балалар қызығушылықпен сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар шығармашылық жұмыс барысында түрлі түсті қағаздардан саңырауқұлақтардың жапсырмаларын жасап, белсенділік танытты.
Мұндай іс-шаралар балалардың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, өмір қауіпсіздігі негіздерін меңгеруге, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді.
#ҚауіпсізЖаз #КөбелекТобы #Балабақша #ҚауіпсіздікЕрежелері #ТанымдықӘңгіме

Просмотров: 305


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст