Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Гүлденген табиғат» апталығында ортаңғы «Балдырған» тобында балалармен ойын алаңындағы, серуендегі қауіпсіздік ережелеріне арналған танымдық әңгіме

02.07.2026

«Гүлденген табиғат» апталығында ортаңғы  «Балдырған» тобында балалармен ойын алаңындағы,  серуендегі  қауіпсіздік ережелеріне арналған танымдық әңгіме өткізілді. Әңгіме  барысында бүлдіршіндерге ойын алаңында, серуенде өзін қауіпсіз ұстаудың маңызы түсіндірілді. Балалар бір-біріне қамқорлықпен қарауды, құмды достарына лақтырмауды, әткеншекті дұрыс әрі қауіпсіз пайдалануды, ойыншықтарға таласпай, кезекпен ойнауды үйренді. Сондай-ақ ойын кезінде өз қауіпсіздігімен қатар достарының қауіпсіздігіне де жауапкершілікпен қарау қажеттігі айтылды. Осындай тәрбиелік жұмыстар арқылы балалар қауіпсіздік ережелерін меңгеріп қана қоймай, өзара сыйластыққа, достыққа, тәртіпке және жауапкершілікке тәрбиеленеді.

👧 Балалардың қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ міндет! 💙

Просмотров: 117


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст