02.07.2026
💧🌿 «Гүлденген табиғат» апталығының «Су әлемінде» күні
МКҚК «Ақбота» бөбекжайында «Гүлденген табиғат» апталығының «Су әлемінде» күні аясында психолог Мукажанова Алия Амангелдиевна "Еркетай", "Көбелек" тобының тәрбиеленушілерімен танымдық және зерттеушілік іс-әрекеттер ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер сумен шынығудың пайдасы туралы әңгімелесіп, судың адам денсаулығына тигізер оң әсері жайлы түсініктерін кеңейтті. Сонымен қатар «Судың қасиеті», «Мөлдір – лай», «Ауа мен су» тәжірибелерін жасап, судың ерекшеліктерін бақылап, зерттеушілік қызығушылықтарын арттырды. Балалар тәжірибе жасау арқылы судың түсі, мөлдірлігі, қозғалысы және ауа мен судың өзара байланысы туралы қарапайым түсінік қалыптастырды. Іс-шараның қызықты сәттерінің бірі – су бетінде сурет салу болды. Бұл шығармашылық жұмыс балалардың қиялын дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастырып, ерекше әсер сыйлады. Осындай танымдық іс-шаралар арқылы бүлдіршіндердің қоршаған ортаға деген қызығушылығы артып, табиғатты аялауға, зерттеуге және судың маңызын түсінуге тәрбиеленеді. 💙🌊
💙 Баланың қуанышты көңіл күйі мен психологиялық саулығы – оның жан-жақты дамуының берік негізі!