02.07.2026
💧🐟 «Гүлденген табиғат» апталығының «Су әлемінде» күні «Балдырған» және «Ботақан» ортаңғы топтарының тәрбиеленушілерімен педагог-психолог Мукажанова Алия Амангельдиевнаның жетекшілігімен «Көңілді балықтар» атты су терапиясы және психологиялық ойыны ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар шеңберге жиналып, су әлеміне қызықты саяхат жасады. Тәрбиешімен бірге су туралы әңгімелесіп, сұрақтарға жауап берді. Балалар суды қолдарымен ұстап көріп, оның қасиеттерін сезіну арқылы сенсорлық тәжірибе жинақтады. 🐠 «Балықтарды аулайық» ойыны барысында бүлдіршіндер судан ойыншық балықтарды аулап, қызығушылықпен тапсырмаларды орындады. Бұл ойын балалардың зейінін шоғырландырып, қол қимылдарын жетілдіруге, ұсақ моторикасын дамытуға, тыныс алуын реттеуге және сенсорлық қабылдауын жетілдіруге ықпал етті. Сонымен қатар балалар «Тамшы, тамшы тамады» сергіту сәтін орындап, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Іс-шара соңында сұрақ-жауап арқылы қорытынды жасалып, балалар белсенділігі үшін мадақталды. ✨ Нәтижесінде:
💙 Ойын арқылы даму – баланың танымдық, эмоционалдық және психологиялық дамуының сенімді жолы!