Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қауіпсіз жаз» апталығының «Бағдаршам» күнінде «Балдырған» ортаңғы тобында «Жолда абай бол, балақай!» атты сюжетті-рөлдік ойын

02.07.2026

🚦**«Қауіпсіз жаз» апталығының «Бағдаршам» күнінде  «Балдырған» ортаңғы тобында «Жолда абай бол, балақай!» атты сюжетті-рөлдік ойын ұйымдастырылды. Ойынның мақсаты – балаларды жол қозғалысы ережелерімен таныстыру, жаяу жүргіншілер өткелінен қауіпсіз өтуді үйрету және көшеде өзін дұрыс ұстау дағдыларын қалыптастыру. Ойын барысында бүлдіршіндер жүргізуші, велосипедші және жаяу жүргінші рөлдерін сомдап, бағдаршамның түстерін дұрыс ажыратып, жол белгілерін сақтай отырып әрекет етті. Балалар жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кезекпен өтіп, ойыншық көліктер мен велосипедтерді пайдаланып, жол қозғалысы ережелерін тәжірибе жүзінде бекітті. Сонымен қатар «Дымбілместің қала көшелеріндегі оқиғалары» тақырыбындағы жағдаяттарды тамашалап, оларды бірге талдап, дұрыс және қауіпсіз әрекеттерді анықтады. Балалар «Бағдаршам» тақырыбында жапсыру жұмысын орындап, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Ойын соңында бөбекжай ауласында ойыншық машиналар, қуыршақтар, құрастырғыштар және жол белгілерін пайдалана отырып «Көше қозғалысы» атты тәжірибелік ойын ұйымдастырылды. Бұл ойын балалардың жолда жүру мәдениетін қалыптастырып, қауіпсіздік ережелерін есте сақтауына ықпал етті.

🚸 Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз! Ойын арқылы меңгерілген білім – өмір бойы есте сақталатын құнды дағды. 💙

Просмотров: 120


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст