02.07.2026
🚦☀️ «Қауіпсіз жаз» апталығы аясында «Көбелек» ересек тобында «Жолда жүру ережелерін сақтайық!» атты танымдық, әрі тәжірибелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны «Көбелек» тобының тәрбиешісі Накенова Айнұр Мұхтарқызы мен дене тәрбиесі нұсқаушысы Усенова Ажаргүл Нұрланқызы бірлесіп өткізді. Іс-шара барысында балалар жол белгілерімен танысып, бағдаршамның түстерінің мағынасын қайталады. Тәрбиеленушілер жаяу жүргіншілер өткелі арқылы көшеден дұрыс өтуді тәжірибе жүзінде орындап, жол қозғалысы ережелерін ойын арқылы бекітті. Сонымен қатар велосипед пен самокатты қауіпсіз пайдалану, жол бойында ойнамау және көшеде өзін дұрыс ұстау туралы маңызды мәліметтер алды. Осындай тәрбиелік іс-шаралар балалардың жол қауіпсіздігі туралы білімдерін кеңейтіп, жауапкершілік, тәртіп және сақтық дағдыларын қалыптастырады.
🚸 Қауіпсіз жаз – қауіпсіз жолдан басталады! 💙