Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жануарлар әлемі» апталығы аясында «Үй жануарлары» тақырыбында танымдық әңгімелесу

02.07.2026

🐄🐑🐎 «Жануарлар әлемі» апталығы аясында «Үй жануарлары» тақырыбында танымдық әңгімелесу өтті. МКҚК «Ақбота» бөбекжайының кіші «Күншуақ» тобында «Жануарлар әлемі» апталығы аясында балалардың танымдық қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту және жануарларға деген мейірімді қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында «Үй жануарлары» тақырыбында танымдық әңгімелесу ұйымдастырылды. Әңгімелесу барысында бүлдіршіндер үй жануарларының түрлерімен – сиыр, қой, жылқы, ит және мысықпен танысты. Балалар әр жануардың адам өміріндегі маңызы мен пайдасы туралы мағлұмат алып, олардың сүт, ет, жүн сияқты пайдалы өнімдер беретінін білді. Сонымен қатар тәрбиеленушілер жануарлардың дыбыстарын ажыратып, суреттер арқылы олардың сыртқы ерекшеліктерін сипаттап, сұрақтарға белсенді жауап берді. Танымдық ойындар мен әңгімелесу арқылы балалардың сөздік қоры молайып, қоршаған ортаға деген қызығушылығы арта түсті. Осындай танымдық іс-шаралар бүлдіршіндердің дүниетанымын кеңейтіп, жануарларға қамқорлықпен қарап, табиғатты аялауға тәрбиелейді. 💚🐾

Просмотров: 127


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст