Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жануарлар әлемі» апталығы аясында «Мысық пен тышқан» қимылды ойыны

02.07.2026

🐱🐭 «Жануарлар әлемі» апталығы аясында «Мысық пен тышқан» қимылды ойыны өткізілді

МКҚК «Ақбота» бөбекжайының кіші «Күншуақ» тобының тәрбиеленушілерімен «Жануарлар әлемі» апталығы аясында балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Мысық пен тышқан» қимылды ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында бүлдіршіндер қызығушылықпен мысық пен тышқан рөлдерін сомдап, ойын ережесін сақтай отырып белсенді қатысты. Қалған балалар шеңбер құрып, ойынға қолдау көрсетті. Тышқан мысықтан қашып, қауіпсіз орын табуға тырысса, мысық оны ұстап алуға әрекет етті. Балалар ойын барысында шапшаңдықтарын, ептіліктерін және қимыл үйлесімділіктерін көрсетті. Қимылды ойын балалардың дене белсенділігін арттырып қана қоймай, ойын ережесін сақтауға, бір-бірімен ынтымақтастықта әрекет етуге, ұйымшылдыққа және достық қарым-қатынас орнатуға баулыды.

🌿 Ойын – баланың денсаулығын нығайтып, жан-жақты дамуына ықпал ететін ең тиімді тәрбие құралы! 💚

Просмотров: 128


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст