02.07.2026
🚦🔥 МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ересек «Нұрсәуле» тобында тәрбиеленушілермен «Қауіпсіз жаз» апталығы аясында қауіпсіздік ережелері , яғни өрт қауіпсіздігі және жол қозғалысы ережелері тақырыбында тәрбиеші Рахматулина Арман Салимовна танымдық іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты – балаларға өрт қауіпсіздігі мен жолда өзін қауіпсіз ұстау ережелері туралы қарапайым әрі нақты түсінік қалыптастыру, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге баулу. Әңгімелесу барысында балаларға өрт шыққан жағдайда сақталатын қауіпсіздік ережелері, қауіпті жағдайларда үлкендердің көмегіне жүгіну қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар жолдан тек жаяу жүргіншілер өткелі («зебра») арқылы өту, жолды кесіп өтпес бұрын тоқтап, жан-жағына мұқият қарап, көліктердің толық тоқтағанына көз жеткізгеннен кейін ғана жүру керектігі айтылды. Алған білімдерін бекіту мақсатында тәрбиеленушілермен дидактикалық ойындар ұйымдастырылып, «Бағдаршам» тақырыбында жапсыру жұмыстары орындалды. Балалар тапсырмаларға белсенді қатысып, қауіпсіздік ережелерін қызығушылықпен қайталады. Осындай танымдық іс-шаралар балалардың өмір қауіпсіздігі туралы білімдерін кеңейтіп, сақтыққа, жауапкершілікке және өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне ұқыпты қарауға тәрбиелейді.