03.07.2026
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ересек «Еркетай» тобында тәрбиеленушілермен «Әр баланың білім алуға, демалуға, ойнауға құқығы бар» тақырыбында танымдық әңгіме ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балаларға өз құқықтары туралы қарапайым түсінік қалыптастыру, құқық пен міндеттің өзара байланысын ұғындыру және бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.Әңгімелесу барысында балалар өздерінің негізгі құқықтарымен танысты:
📖 білім алуға,
🌿 демалуға,
🎲 ойнауға құқығы бар екенін білді. Қызықты әңгіме, сұрақ-жауап және ойын элементтері арқылы тәрбиеленушілер әрбір құқықпен қатар белгілі бір міндеттің де болатынын түсінді. Балалар бір-бірінің құқығын құрметтеудің, достықтың, сыйластықтың және қамқорлықтың маңызын ұғынып, өз ойларын еркін жеткізді. Осындай танымдық іс-шаралар арқылы бүлдіршіндердің құқықтық сауаттылығы артып, жауапкершілік сезімі мен адамгершілік құндылықтары қалыптасады.
💙 Бақытты балалық шақ – әр баланың ажырамас құқығы!