07.07.2026
🪕 Ұлттық домбыра күніне арналған тақырыптық сағат өтті
МКҚК «Ақбота» бөбекжайында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – қазақ халқының асыл мұрасы» тақырыбында тақырыптық сағат ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілерді ұлттық құндылықтарды қастерлеуге баулу, домбыраның шығу тарихы мен қазақ халқының мәдениетіндегі орны туралы түсінік қалыптастыру, ұлттық өнерге деген қызығушылықтары мен құрметін арттыру.
Тақырыптық сағат барысында бүлдіршіндер домбыра туралы қызықты мәліметтермен танысып, қазақтың күмбірлеген күйлерін тыңдап, ұлттық аспаптың ерекше үнімен сусындады. Сонымен қатар балалар домбыра бейнесін безендіріп, шығармашылық жұмыстар орындап, өздерінің қиялдары мен шеберліктерін көрсетті.
Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы тәрбиеленушілердің ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі артып, халқымыздың мәдени мұрасын құрметтеуге, салт-дәстүрімізді бағалай білуге тәрбиеленеді.
🪕 Домбыра – халқымыздың рухы, ұлттық болмысымыздың айнасы. Ұлттық мұрамызды ұлықтау – әрқайсымыздың қасиетті парызымыз!