Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

кіші «Күншуақ» тобында Ұлттық Домбыра күніне орай «Домбыра – қазақ халқының асыл мұрасы» тақырыбында танымдық сағат

07.07.2026

🪕МКҚК «Ақбота» бөбекжайының кіші «Күншуақ» тобында Ұлттық Домбыра күніне орай «Домбыра – қазақ халқының асыл мұрасы» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілердің ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының төл музыкалық аспабы – домбыраның тарихы мен маңызын таныстыру, ұлттық өнерге деген құрмет сезімін қалыптастыру. Танымдық сағат барысында бүлдіршіндер домбыраның шығу тарихы, оның қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетіндегі ерекше орны туралы қарапайым мәліметтермен танысты. Балалар тақырыпқа сай суреттерді құрастырып, домбыраның суретін бояп, шығармашылық жұмыстар арқылы өз қызығушылықтары мен белсенділіктерін көрсетті. Осындай танымдық іс-шаралар арқылы балалардың ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігі артып, ата-бабадан қалған асыл мұраны қастерлеуге деген құрметі қалыптасады. 🪕 Домбыраның күмбірлеген үні – халқымыздың рухы мен ұлттық болмысының мәңгілік үні! 🇰🇿✨

Просмотров: 12


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст