Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балапан» ортаңғы тобында Ұлттық Домбыра күніне орай танымдық іс-шара

07.07.2026

🪕МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Балапан» ортаңғы тобында Ұлттық Домбыра күніне орай танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілерді қазақ халқының ұлттық аспабы домбырамен таныстыру, оның халқымыздың мәдениеті мен рухани өміріндегі маңызын түсіндіру және балалардың ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Іс-шара барысында бүлдіршіндер домбыраның құрылысымен танысып, оның қоңыр үнімен сусындады. Балалар ұлттық аспап туралы қызықты мәліметтер тыңдап, қазақтың күмбірлеген күйлерін қызығушылықпен қабылдады. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмыстар орындап, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын танытты. Осындай танымдық іс-шаралар арқылы тәрбиеленушілердің туған елінің тарихы мен мәдениетіне деген құрметі артып, ұлттық мұраға деген сүйіспеншілігі қалыптасады.

🪕 Домбыра – халқымыздың жүрегінен орын алған қасиетті мұра, ұлттық рухымыздың мәңгілік үні!

Просмотров: 33


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст