07.07.2026
📖 МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Балапан» ортаңғы тобында тәрбиеленушілермен «Конституция – еліміздің Ата Заңы» тақырыбында танымдық әңгіме ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балаларға туған Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы қарапайым түсінік беру, еліміздің мемлекеттік рәміздері мен негізгі заңы – Конституцияның маңызын жас ерекшеліктеріне сай таныстыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру. Әңгімелесу барысында бүлдіршіндер Қазақстанда тұратынымыз, әр елдің өз ережелері мен заңдары болатыны, ал сол заңдардың ең бастысы – Конституция екені туралы мәлімет алды. Балаларға Конституцияның еліміздің Ата Заңы екені, оның әрбір азаматтың құқығы мен міндетін айқындайтын маңызды құжат екені қарапайым тілмен түсіндірілді. Тәрбиеленушілер сұрақтарға белсенді жауап беріп, туған елі, мемлекеттік рәміздер және Отан туралы өз ойларымен бөлісті. Осындай танымдық іс-шаралар арқылы балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, елін құрметтеу және ұлттық құндылықтарды бағалай білу қасиеттері қалыптасады. 💙