07.07.2026
👧👦📖 МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ортаңғы «Балдырған» тобында «Құқығым бар» атты танымдық ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілерді өз құқықтарымен таныстыру, құқықтары туралы қарапайым түсінік қалыптастыру, өз құқықтарын құрметтеуге және өзгелердің құқықтарын сыйлауға тәрбиелеу. Сонымен қатар ойын арқылы балалардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамытып, белсенділігін арттыру. Ойын барысында балалар білім алуға, ойнауға, демалуға және қамқорлық көруге құқығы бар екенін білді. Түрлі ойын тапсырмалары мен сұрақ-жауап арқылы тәрбиеленушілер әрбір құқықтың өз міндетімен қатар жүретінін түсініп, бір-біріне қамқорлық жасаудың, достық пен сыйластықтың маңызын ұғынды. Балалар ойынға қызығушылықпен қатысып, өз ойларын еркін жеткізіп, құқық туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырды. Танымдық ойын олардың белсенділігін арттырып, ұжымда бірлесіп әрекет етуге және өзгенің пікірін құрметтеуге үйретті.
💙 Әр баланың құқығы қорғалған қоғамда ғана бақытты балалық шақ қалыптасады!