07.07.2026
🪕МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ортаңғы «Балдырған» тобында Ұлттық Домбыра күніне орай танымдық-музыкалық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілерді қазақ халқының ұлттық аспабы – домбырамен таныстыру, оның әсем үніне қызығушылықтарын ояту, ұлттық мәдениетімізге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру. Іс-шара барысында балалар домбыраның құрылысымен және қазақ халқының өміріндегі маңызымен танысты. Бүлдіршіндер қазақтың күмбірлеген күйлерін тыңдап, ұлттық әндерді орындап, музыка ырғағына сай қарапайым қимыл-қозғалыстар жасады. Музыкалық ойындар арқылы олардың тыңдау қабілеті, ырғақты сезінуі, шығармашылық белсенділігі мен эстетикалық талғамы дамытылды. Балалар ұлттық аспаптың үнін қызығушылықпен тыңдап, қазақтың мәдени мұрасына деген құрметтерін білдірді. Осындай тәрбиелік іс-шаралар арқылы бүлдіршіндердің ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігі артып, өнерге қызығушылығы қалыптасады.
🪕 Домбыра – халқымыздың жүрегінен орын алған қасиетті мұра, ал ұлттық өнерді құрметтеу – ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі! ✨