Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балбөбек» санаторлық аралас тобында Ұлттық Домбыра күніне орай «Кішкентай домбырам» атты тәрбие сағаты

07.07.2026

🪕 МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Балбөбек» санаторлық аралас тобында Ұлттық Домбыра күніне орай «Кішкентай домбырам» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілерді қазақ халқының ұлттық аспабы – домбырамен таныстыру, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және домбыраға ұқыпты әрі құрметпен қарауға тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында балалар домбыраның шығу тарихы мен қазақ мәдениетіндегі маңызы туралы қарапайым мәліметтер алып, оның қоңыр үнін қызыға тыңдады. Ұлттық аспаптың ерекше үні балалардың қызығушылығын оятып, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттырды.Шығармашылық бөлімде тәрбиеленушілер екі топқа бөлініп жұмыс жасады. Бірінші топ домбыраның суретін түрлі түстермен әсемдеп бояса, екінші топ қиылған домбыра бөлшектерін құрастырып, желім арқылы қалың қағазға жапсырды. Балалар домбыраның бөліктерін дұрыс сәйкестендіріп, шығармашылық тапсырмаларды белсенді орындады. Іс-шара соңында қыздар өз қолдарымен жасаған домбыраларын ұстап, музыка әуеніне сәйкес домбыра тарту қимылдарын орындап, ұлттық би элементтерін көрсетті. Бұл сәт балаларға ерекше қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл күй қалыптастырды. ✨ Осындай тәрбиелік іс-шаралар арқылы бүлдіршіндердің ұлттық құндылықтарға деген құрметі артып, халқымыздың мәдени мұрасын дәріптеуге деген қызығушылығы қалыптасады. 🪕 Домбыра – халқымыздың рухын ұлықтайтын қасиетті мұра, ұлттың үні мен ұрпаққа аманаты! 

Просмотров: 710


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст