Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

музыка жетекшісінің ұйымдастыруымен Ұлттық Домбыра күніне арналған тақырыптық іс-әрекет

07.07.2026

🪕 МКҚК «Ақбота» бөбекжайында музыка жетекшісінің ұйымдастыруымен Ұлттық Домбыра күніне арналған тақырыптық іс-әрекет өткізілді. Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілерді қазақ халқының ұлттық аспабы – домбырамен таныстыру, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, халқымыздың мәдени мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Іс-шара барысында балалар домбыраның тарихы мен маңызы туралы мағлұмат алып, оның күмбірлеген үнімен танысты. Қыздар қолдарына домбыра ұстап, қазақтың ұлттық музыкасының сүйемелдеуімен әсем би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар тәрбиеленушілер домбыра бейнесінен пазл құрастырып, ұлттық аспаптың бөліктерімен танысты. Музыка жетекшісінің жетекшілігімен топ балалары домбыраның сүйемелдеуімен орындалған ұлттық күй ырғағына сәйкес ұлттық би қимылдарын орындап, музыка мен қимылды үйлестіре білді. Осындай мазмұнды іс-шаралар арқылы балалардың ұлттық өнерге деген қызығушылығы артып, эстетикалық талғамы, шығармашылық қабілеті мен ұлттық құндылықтарға деген құрметі қалыптасады.

🪕✨ Домбыраның күмбірлеген үні – ұлттық рухымыздың мәңгілік үні, ал ұлттық өнерді құрметтеу – ұрпақ тәрбиесінің алтын қазығы!

Просмотров: 710


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст