07.07.2026
📚🎭 МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ересек «Нұрсәуле» тобында «Ертегілерге саяхат» апталығы аясында «Менің сүйікті ертегім» тақырыбында тәрбиеші Рахматулина Арман Салимовнаның жетекшілігімен театрландырылған қойылым ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балалардың тілін, сөздік қорын, қиялы мен шығармашылық қабілеттерін халық ауыз әдебиеті арқылы дамыту, ертегілерге деген қызығушылығын арттыру, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Қойылым барысында тәрбиеленушілер өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін сомдап, кейіпкерлердің мінез-құлқын шынайы жеткізуге тырысты. Балалар диалогтарды мәнерлеп айтып, сахналық мәдениетке баулынды. Театрландырылған ойын арқылы олардың сөйлеу дағдылары, есте сақтау қабілеті, шығармашылық ойлауы мен өз ойын еркін жеткізе білуі дамыды.Сонымен қатар ертегілердің тәрбиелік мәні түсіндіріліп, балалар адалдыққа, достыққа, мейірімділікке, шыншылдыққа және бір-біріне қамқор болуға тәрбиеленді. Ертегі кейіпкерлерінің жақсы қасиеттері арқылы бүлдіршіндердің бойында ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
✨ Ертегі – баланың қиялын қанаттандырып, жүрегіне мейірім мен ізгілік ұялататын рухани қазына.